Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді.

2020 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.
Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін барлығы 6 жұмыс түскен. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыс тізімін бекітті.
Келесі кезеңде 2020 жылғы Қазақстан Республикасының  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленетін болады.
20 қазан 2020 ж. 659 0