Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су болған аяқкиімді КҮРІШ пен ТҰЗ әп-сәтте кептіріп береді

Су болған аяқкиімді КҮРІШ пен ТҰЗ әп-сәтте кептіріп береді

Әрбір отбасының асүйінен табылатын тұз бен күріш, ас содасының тағамнан да өзге нәрселер үшін пайдасы орасан.Биылғы ауа-райы қыстан гөрі көктем мен күздің жаңбырлы күндерін көбірек еске түсіріп тұр. Ал мұндай күндерде үстіміздегі киімнен бұрын аяқкиімнен бірінші су өтетіні сөзсіз. Сырт киімдердің су болғаны қорқыныш емес, өзгесін ауыстырып ала қоясың, ал аяқ киімнің бір маусымға екі-үш жұбын алып қоюға көпшілігіміздің шамамыз келе бермесі анық. Сондықтан су болған аяқ киімді тез арада кептіріп ала қою қажет.Ол үшін не істеу керек?
Мұның бірнеше ерекше тәсілдері бар. Соның ішінде аяқкиімді бүлдіріп алмай үй жағдайында қолда бар заттармен тез құрғатудың бірнеше құпиясын біле жүріңіздер.

Аяқ киімді дұрыс әрі тез құрғату үшін бірнеше кеңестерге назар аударған жөн.
1. Былғарыдан жасалған аяқ киімдер ылғалды көтере бермейді. Суға түсе берген соң олардың бастапқы қалпы тез өзгеріске ұшырайды. Сондықтан аяқкиім су болып, ішіне су кірген жағдайда бірден шешіп, құрғатқан жөн.

2. Аяқкиім бүлінбей ұзақ киюге жарау үшін, оны қоятын жер ауа айналатын болуы керек. Бірақ аяқкиім тұрған жердің ауасы тым жоғары болмағаны жөн. Себебі жоғары температурада аяқкиім тез бүлінеді. Бір жағы созылса екінші жағы тарылып қалады. Сондықтан ыстық пеш пен батареяның үстіне, жанына жаюға болмайды.

3. Кептіруден алдын ішіндегі ұлтарақты және бауы бар болса оны да шығарып, аузын барынша ашып қою керек. Ұлтарақ пен бауды батареяға жайып бөлек кептіріп алған жөн.

Газет пен ас содасы арқылы кептіру

1. Аяқкиімді ішінен тез кептіру үшін газет пен ас содасын пайдаланамыз. Мұндай тәсілден аяқ киім кештен таңға дейін-ақ кеуіп қалады. Ол үшін газетті түйіршіктеп аяқ киім ішіне салу керек. Мұндай газеттің беттері жылтыр болмағаны жөн. Газеттерді 3-4 сағат сайын ауыстырып отыру керек.

2. Ас содасын шұлықтың ішіне толтырып алып, аяқкиімнің ішіне салу керек және 3-4 сағат сайын ауыстыру қажет. Сондай-ақ ас содасы ішіндегі жағымсыз иісті де жояды.

Тұзбен құрғату
Ас тұзымен аяқкиім кептіру ерекше тәсілдердің бірі. Тұзды табаға салып орташа отта қыздырып капрон шұлыққа салу керек. Тұздың ыстық емес жылы болғаны дұрыс. Шұлықтың аузын жақсылап бекітіп, аяқкиімнің ішіне салып қою қажет. Егер тұз суып қалып, аяқкиім әлі де дымқыл болса, қайталап ысытып жіберу керек.
Күрішпен кептіру
Ылғалды жақсы тартатын заттардың біріне кәдімгі күріш жатады. Ол үшін қорапқа 3-4 см болатындай етіп күріш салынады. Аяқкиімнің табанын жоғары қаратып, аузын барынша ашып, күріш салынған қорапқа салу керек. Мұндай тәсілмен егер аяқкиім қатты су болмаса бөлме температурасында 3-4 сағатта-ақ құрғап қалады.
Сонымен бірге аяқкиім кептіруге арналған арнайы электр құрылғылары да бар. Олар кішкене кілемше және аяқкиімді іліп қоятын ілгіші бар ұзын түтікше түрінде болады. Бұл екеуін дүкендерден қолжетімді бағаға алуға болады. Электр тогы арқылы жұмыс істейді.
Тағы бір түрі — ультракүлгінді кептіргіш. Мұның бағасы сатылымда қымбат. Бірақ аяқкиім қандай ылғалда болса да 3-4 сағатта құрғатып береді әрі түрлі аяқ тері ауруларының болмауына септігін тигізеді.
Міне, кішігірім құпиялары осы. Аяқкиімдеріңізден су өтпесін! Әрдайым құрғақ та жылы жүргенге не жетсін?!
Дайындаған: Э.Базарбаева, ERNUR.KZ
kerekinfo.kz
21 қазан 2020 ж. 325 0