Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 27 қазаннан бастап карантин талаптары күшейеді

Қазақстанда 27 қазаннан бастап карантин талаптары күшейеді

27 қазаннан бастап Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің жарлығымен карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Атап айтқанда, әуе және құрлықтағы шекара бекеттеріндегі қатаң санитарлық талап қойылады. Халықаралық рейстермен ұшып келген жолаушылар жарамдылық мерзімі 3 күннен аспаған ПТР-тестті көрсетуі тиіс. Егер де жолаушының қолында коронавирусты анықтайтын тест қорытындысы болмаса, әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Сондай-ақ транзиттік тасымалды іске асыратын көлік жүргізушілерінің қолында ПТР-тесттің нәтижесі болуы тиіс. Жергілікті санитарлық-эпидемиология қызметтеріне карантинге алынған азаматтардың сынама қорытындысын екі күннің ішінде әзірлеу тапсырылды.
24.kz
23 қазан 2020 ж. 321 0