Екі аптадан кейін байқалады: COVID-19 балалар үшін несімен қауіпті

Айтуынша, екі аптадан кейін балаларда мультиқабыну синдромы пайда болуы мүмкін.
"Мультиқабыну синдромы қазіргі кезде өте өзекті мәселе. Бұл COVID-19-ға ағзаның кешіккен иммунологиялық жауабы. Ауру түрі симптомды немесе симптомсыз болғаны маңызды емес. Екі-үш аптадан кейін жоғары температура, бөртпе, конъюнктивит, лимфа түйіндері, алақан мен аяқтың ісінуі пайда болады, мұны біз баладан сырттай байқай аламыз", - деп келтіреді Шаймердинованың сөзін елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жағдайда, оның айтуынша, бірқатар тексеру жүргізіп, белгілі бір ем тағайындау үшін баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет.
Дәрігер бірінші толқын кезінде балалар ересектерге қарағанда коронавирустың жеңіл түрімен ауырғанын атап өтті.
"Бірақ егер екінші толқын болса, одан әрі не болатынын көреміз. Даму ақаулары, эндокриндік, аллергиялық аурулар, онкологиялық патология, иммунитет тапшылығы жағдайы сияқты ілеспе аурулары бар балалардың коронавирус инфекциясына төтеп беруі дені сау балаларға қарағанда қиын болады", - деп ескертті педиатр.