Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

Алматылық инфекционистер әлемде Кавасаки синдромының кең таралып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алу үшін сақтық шараларына мұқият болыңыздар, деп кеңес берді. 
«Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып,  маска тағуы керек. Гигиенаны сақтап, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін – өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек», – деп ескертті Г.Құттықожанова.
Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалардың дерті асқынуы мүмкін. Құттықожанованың хабарлауынша, Кавасаки синдромы сәуірден кейін пайда болған. Бұл – жиі кездесе бермейтін синдромдардың бірі. Кавасаки синдромының кең таралуы коронавирусқа байланысты болуы мүмкін. 
«Кавасаки ауруы кезінде безгек кем дегенде 5 күн болады. Алғашқы белгілері: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ-қол мен табанның ісінуі және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы», – деді ол. 
Балаларда Кавасаки белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда, ауруды асқындырып алмау үшін оларды ертерек ажыратып, дер кезінде ем қабылдауды бастау қажет.
https://kyzylorda-news.kz/
10 қыркүйек 2020 ж. 461 0