Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Кавасаки синдромымен балалардың жаппай ауырып жатқаны рас па?

Елімізде Кавасаки синдромымен балалардың жаппай ауырып жатқаны рас па?

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Соңғы күндері біз қазақстандық аналардың коронавирус инфекциясы немесе Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың денсаулығы туралы алаңдаушылығын байқадық. Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Кавасаки синдромымен жаппай ауырып жатқандар жоқ. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған шамамен 2 500 баланың тек кәмелеттік жасқа толмаған 16 баладан Кавасаки синдромы расталды. Олардың жартысы толық айығып шықты, - деді Бағдат Қожахметов онлайн брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде елімізде коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан балалардың жаппай Кавасаки дертімен ауырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

24 тамыз 2020 ж. 410 0