Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды

«Жыл басынан бері елімізде Кавасаки синдромына шалдығудың үш жағдайы тіркелген. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Петропавл қаласында. Балалардың жағдай әртүрлі. Мәселен, жақында мен елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысымен сөйлестім. Оның сөзіне қарағанда, баланың жағдайы тұрақты. Бірақ бұл – өте ауыр синдром», – деп атап көрсетті Қожахмет.Министрліктің ресми өкілі жыл басынан бері коронавирусқа шалдыққан балалардың санын да жариялады.
«13 наурызда бізде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Содан бері 2 257 бала коронавирустық инфекцияға шалдықты. Осы балалардың ішінде дәл қазір 114 бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр», – деп атап көрсетті Қожахмет.Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі.
Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зақымдалады.
Синдром белгілері: аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу.