Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны белгілі болды

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны белгілі болды

Қазақстанда алдағы Мәжіліс сайлауына сайлаушылар тізіміне кіргізілген азаматтардың саны 11 820 318 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізілімін өзектендірді. Аталған жұмыс 1 қазандағы жағдайға сәйкес, сайлаушылар тізіліміне 11 820 318 адамды тіркеуге мүмкіндік берді. Ертеректе, дерекөзі әртүрлі болған кезде кейбір азаматтар екі түзілімде немесе бірде-бірінде болмай шығады. Қазір бұл тәжірибе жойылды деп санаймыз», – деді ол ОСК отырысы барысында.
Оның атап өтуінше, сайлаушылардың тізілімін қалыптастыру сайлау процесіннің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі саналады.
«Сайлаушылардың тізілімі негізінде азаматтар өздерінің ел Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асырады. Осыған орай сайлаушылардың барынша толыққанды әрі нақты тізілімін түзу жеке жергілікті атқарушы органдардың ғана емес әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырған жөн», – деді Константин Петров.
kyzylorda-news.kz​​​
27 қазан 2020 ж. 647 0