Қызылорда облысынан Сенатқа депутат болып кімнің сайланғаны белгілі болды

Сайлаушылардың басым дауысымен Ақмарал Әлназарова ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына өтіп тұр.
Ақмарал Шәріпбайықызы сайлаушылардың басым дауысына ие болған. Оған мәслихат депутаттары 102 дауыс берген.
Ал, Мұрат Сәрсенбаев 25, Айдын Қайруллаев 4 дауыс жинаған.
Айта кетейік, нақты қорытындыны Орталық Сайлау комиссиясы 10 күннің ішінде жариялайды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қызылорда қаласында ҚР Парламенті Сенатына депутат сайлау басталғанын хабарлаған болатынбыз.