Қызылордада Сенат депутатын сайлау басталды (ФОТО)

Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына барлығы 3 кандидат тіркелген.
Олар – Ақмарал Әлназарова, Айдын Қайруллаев және Мұрат Сәрсенбаев.
Ал, кандидаттарға облыс бойынша барлығы 138 мәслихат депутаттары дауыс беруі қажет.
Атап айтқанда, Қызылорда облысынан – 27, Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынан – 13, Қазалы, Жаңақорған аудандарынан – 15, Қармақшы ауданынан – 12, Қызылорда қаласынан – 17 мәслихат депутаты.
Бірақ, облыстық Сайлау комиссиясына дауыс беруге тіркелген депутаттардың саны – 131. Бұл сайлаушылардың 95 пайызын құрайды.
Дауыс беру пункітінде санитарлық-эпидемиологялық жағдай толық сақталған. Мәслихат депутаттары арақашықтықты сақтап, кезек бойынша дауыс беруде.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін еліміздің барлық өңірінде Сенат депутаттарын сайлау өтетінін хабарлаған едік.




