КӘСІПКЕРЛІКТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Талекенов: «Елдің экономикасының өсуіне бірден-бір ықпал жасайтын құрылым – кəсіпкерлік саласы. Сондықтан шағын кəсіпкерлікті дамыта түсуге баса назар аудару керек. Бұл тұрғыда жастардың кәсіпкерлікке ден қоюы маңызды», - деп, жас кәсіпкерлер қауымының жаңа идеялары мен талаптарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар билік қашанда жас кәсіпкерлерге қолдау танытуға дайын екендігін жеткізді.
Кездесудің басты мақсаты орта және кіші кәсіпкерлік саласында белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпкерлерді жастармен кездестіріп, өзара пікір алмасуына жағдай жасау арқылы жас буын мен орта буын арасында тәжрибе алмасуға ықпал ету, жас кәсіпкерлердің басты бағыттарын айқындау, олардың кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру және жаңадан ісін бастауға ниет білдірген жастарды сүймелдеу.
