Дауларды сотқа дейін реттеу шаралары талқыланды

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы К.Садуақасова төтенше жағдай кезінде азаматтарға мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлер арасында туындайтын даулар, коммуналдық төлемдер, еңбек, банктік даулардың алдын-алу туралы және туындаған дауларды сотқа дейін бейбіт жолмен реттеудің тиімділігі жөнінде атап өтті.
Шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.