Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық сотының судьясы бір күнде медиация тәртібімен 11 іс қарап, аяқтады

Арал аудандық сотының судьясы бір күнде медиация тәртібімен 11 іс қарап, аяқтады

Арал аудандық сотымен медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде.Айталық, Арал аудандық сотының судьясы Г.Нұрымбетова ағымдағы жылдың 6 қарашасында яғни, бір күнде медиация тәртібімен -11 азаматтық іс бойынша медиативтік келісімдер бекітіп, аяқтаған.
Олар, несие шарттарынан туындаған даулар болып табылады. Аталмыш істер бойынша кәсіпқой медиаторлар Б.Бердалиев пен Ә.Жалғасбаев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімдерін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынған.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдердің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісімдер сот ұйғарымдарымен бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Мұның барлығы, тараптардың даулардың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып, медиаторлардың бітімгершілік рәсімдерін жүргізу деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
14 қараша 2019 ж. 702 0