БАСТЫ МАҚСАТ-АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ

«Бақытты отбасы» отбасы институтын қолдау орталығында ведомствааралық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен жиында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова орталықтың жұмысымен таныстырып, бірқатар жетістіктерге тоқталды. "Бақытты отбасы" сервистік орталығы облыс орталығының тұрғындарына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін және құқықтық кеңестер ұсынады.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов жобаның тиімді жақтары туралы өз ойын ортаға салып, «Сыр Аналар» Альянсы кеңесінің құрылғандығы халықпен етене байланысуда көп септігін тигізіп, сыбайлас жемқорлықтың көрінісі азайғандығын жеткізді.
«Бақытты отбасы» ғимаратында бас қосқан сала басшылары жиын соңында әлеуметтік қызметкерлермен пікірлесіп, орталықтың жұмысымен танысты.