Қазақстанда бір тәулікте 703 адамнан коронавирус анықталды

Оның ішінде ПТР арқылы 494 адамнан коронавирус расталса, 209 науқаста коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония тіркелген.
1 адам пневмониядан қайтыс болған. 64 науқас пневмониядан, 246 науқас коронавирустан жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта коронавирустан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар.
Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.