Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус кезінде қанттың қандай зияны бар?

Коронавирус кезінде қанттың қандай зияны бар?

Ресейдің дәрігері коронавирустық инфекцияға қанттың келтіретін зияны туралы айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Қант диабетімен ауыратын науқастарда ұйқы безі тамырларының зақымдануы және антибиотиктерді қолданғаннан қандағы қанттың өскені байқалды. Бұл заттың артық дозалары ағзаға үлкен қауіп төндіруі де мүмкін. Бұл туралы Глеб Глебов Instagram желісінде айтты.

«Тағы бір ұсыныс – ауру және оңалту кезінде тәттілерді қабылдамауыңыз керек», – дейді ол.

Сонымен қатар дәрігер иіс пен дәмнің уақытша жоғалуынан қорықпау керектігін де айтып өтті. Бұл аурудың жеңіл түрін білдіреді екен. Иіс, дәм сезуді қалпына келтіру үшін ем алудың керегі жоқ. Дұрыс емес ем болған жағдайда бұл шырышты қабыққа одан да көп зиян тигізуі мүмкін.
newsroom.kz


09 қараша 2020 ж. 288 0