11 қарашаға арналған ауа райы
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
kyzylorda-news.kz