АЛЛА Тағала былай деді

«Бір Аллаға құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлы-жақыбайға, туысқан көршілеріңе, туыстығы жоқ көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген адамға, қолдарыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят)
«...Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта жәрдемдесіңдер, күнәда және дұшпандықта жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Алла – қатты азап Иесі» (Мәида сүресі, 2-аят)