Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Қызылорда облысында кейбір шектеулер алынды

COVID-19: Қызылорда облысында кейбір шектеулер алынды

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда кейбір шектеулер алынғаны жайында айтылады. Мысалы, карантиндік талаптарды сақтай отырып, 300 оқушыға дейінгі мектептер әр сыныпта 15 баладан асырмай дәстүрлі оқу жүйесіне көшеді. Сондай-ақ залды 50% дейін толтыруға рұқсат беріп, бірақ 100 адамнан аспайтындай тәртіппен театрлардың да қызметін жалғастыруына мүмкіндік беріліп отыр. Бұл ретте өнерсүйер көрермендер әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде киіп отыруы тиіс. Ұдайы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізе отырып, діни нысандардың да есігі ашылады. Мешіттерде 100 адамнан аспайтын жамағат құлшылық ете алады. Жалпы аймақта эпидемиологиялық ахуал әзірше тұрақты.
24.kz
12 қараша 2020 ж. 276 0