Жұмаға арналған ауа райы болжамы

13 қарашада Қазақстандағы ауа райы әлі де Салехард аймағынан келетін ауқымды циклон ықпалында болады. Жаңбыр немесе қар жауады, еліміздің шығысы пен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
kyzylorda-news.kz