Көктайғақ кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;
- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі.
«Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз! Есіңізде болсын: әсіресе арқаға құлау қауіпті, ми сілкінісін алуға болады. Жарақат алған кезде міндетті түрде бірден медициналық көмекке жүгіну қажет», – делінген хабарламада.
24.kz