Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Несиені мерзімінен бұрын қалай төлеуге болады?

Несиені мерзімінен бұрын қалай төлеуге болады?

Несиені толығымен мерзімінен бұрын өтеу - бұл банкке қол жетімді барлық несиелік қарызды (негізгі қарыздар мен пайыздық үстемелер) несие шартында белгіленген несие мерзімі аяқталғанға дейін толық жабу. Несиені мерзімінен бұрын өтеуді аяқтағаннан кейін сіз банк алдындағы барлық міндеттемелерден толықтай босатыласыз. Несиені мерзімінен бұрын өтеу дегеніміз - несие шотына несие төлеу кестесінде белгіленген мөлшерден артық ақша сомасын енгізу. Несиені ішінара өтеу кезінде төлемдер мөлшері әдетте қайта есептеліп, азайтылады. Негізінде несие алған кезде төлемдердің мөлшері отбасылық бюджеттің 20%-нан аспауы керек. Несиеңізді тез төлеу үшін дәл осындай бірқатар кеңестерді қолданып көріңіз. 
Несиені мерзімінен бұрын өтеудің минималды мөлшерін және төлем жасау мерзімі бойынша шектеулерді нақтылап алыңыз. Стандартты шарттар бойынша несиені мерзімінен бұрын төлеуге 6-айлық шектеу қойылған. 
Оған қоса, мерзімінен бұрын несие өтеу шотына өзіңіз қалаған қаражатты сала алмайсыз. Алдымен минималды төлем мөлшерін банктен нақтылап алу қажет. Тек сол минималдың деңгейінен асырмай, салым жасай аласыз. 
Несиені мерзімінен бұрын төлеу үшін арыз жазуды ұмытпаңыз
Егер сіз несиеңізді мерзімінен бұрын төлей алатын болсаңыз, бұл сізге несиенің пайыздық үстемақысын азайтуға мүмкіндік береді. Егер сіз несиені мерзімінен бұрын төлеу туралы шешім қабылдасаңыз, сіз өтініш жазып, несие берген банкке жіберуіңіз керек.
  • Бұл банкке қалған қарызды қайтару үшін қажет.
  • Егер сіз соманың қалған бөлігін банктік шотқа саламын деп шешсеңіз, онда бұл мерзімінен бұрын өтеу болып саналмайды.
  • Өтініште сіз келесі ақпаратты көрсетуіңіз керек: төлем сомасы, шот нөмірі, несие келісім шартының нөмірі т.б. Кейбір банктер басқа да ақпараттарды сұратуы мүмкін, сол себепті бұл туралы алдын ала банктерден біліп алғаныңыз жөн.
Сақтандыру резервін құрыңыз және төлемдер кестесін ұстаныңыз
Сақтандыру резерві - бұл күтпеген жерден орын алатын жағдайларға арнаған артық қаражат. Адам жақын арада не болатынын білмейді. Сіз жұмысыңыздан айырылып немесе ауырып қалуыңыз мүмкін, төтенше жағдай орын алуы ықтимал. Мұндай жағдайларды алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан да, сақтандыру резерві кез келген адам үшін өте маңызды. 
Несие төлейтін уақыттан кешігіп қалмау үшін "қауіпсіздік жастығы" болуы керек. Ол үшін сіз ай сайын қаржыңыздың бір бөлігін әмиянға салып, жинауыңыз керек. 
Қауіпсіздік жастығын жинау үшін ақшаны айдың аяғында емес, жалақы алған кезден-ақ резервке қойған жөн. Осылайша ай сайын жалақының шамамен 10% -ы мөлшерінде қаражат жинау уақыт өте келе сіздің игілігіңізге жарайтын болады. 
Сақтандыру резерві немесе қауіпсіздік жастыға 3-6 айлық жалақыдан тұруы керек және уақытша қаржылық қиындықтар кезінде сізге көмектесуі қажет. 
Несиені уақытынан кешіктірмей төлеңіз
Несиені уақытылы төлеңіз. Айыппұл санкциялары салынбайтын және өсімпұлдар алынбайтындай болуы керек. Несиелер бойынша төлемдердің жеткіліксіз болуына жол бермеңіз. Қаражатыңызды үнемі алдын-ала есептеңіз.
Әрбір несиенің жоспарланған төлемді жүзеге асыратын күні болады. Егер мерзімінен кешіктіріп барып қарызыңызды өтейтін болсаңыз, өсімпұлы өте жоғары болады.
Бұған жол бермеу үшін төлем жасалатын күнді есте сақтап қана қоймай, төлем үшін қаржыны да алдын ала дайындау қажет. Сондай-ақ, смартфонға еске салуды немесе күнтізбеге қажетті төлем туралы жазба енгізуді ұсынамыз. Көптеген ұйымдарда сіз төлем күнін өзіңіз таңдай аласыз. Келісім шарт жасасқан кезде төлем кестесінің қалыптасуына назар аударыңыз. Несие төлейтін күнді әдетте жалақы алатын уақыттан 7-10 күн өткен соң таңдаңыз. Осылайша, сіз жалақыңызды алғаннан кейін дереу несие төлеп, уақытынан кешіктірмей, қарызыңызды өтейсіз.
Мысалы, ВТБ (Қазақстан) Банкінде несиелерді тек банк филиалдары, интернет-банкинг, ақпараттық және төлем терминалдары арқылы ғана емес, сонымен қатар, бүкіл ел бойынша "Қазпочта" АҚ-ның 3500-ден астам пошта бөлімшелерінде төлеуге болады.
ВТБ (Қазақстан) Банкінде банктің кеңсесіне бармай-ақ несие алуға өтінім бере аласыз.  Бұл туралы толық ақпаратты "ВТБ (Қазақстан) Банкі" АҚ ЕҰ кеңсесінде немесе 5050 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады (кез келген ұялы телефоннан тегін).
Қарыз толық төленген кезде клиент банктен несие төленгенін және ешқандай талаптардың жоқтығын растайтын анықтама алуы керек. Сондай-ақ, несиесін жабу үшін өтініш жазуы керек.
Қарызды мерзімінен бұрын толық және ішінара өтеу сіз үшін пайдалы екенін түсініңіз. Осылайша, сіз несие бойынша артық төлем мөлшерін едәуір азайта аласыз.
03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 Банктік және өзге операцияларды жүргізуге және құнды қағаздар нарығындағы қызметке лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.
18 қараша 2020 ж. 502 1

kovic от 4 қазан 2022 09:21
Сізге несие керек пе? Егер иә болса, төмендегі байланыс ақпаратына хабарласыңыз.
байланыс электрондық поштасы: skyfinance88@gmail.com
Whatsapp:+17186917827