Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін анықтады

Дұрыс режиммен ұйықтайтын адамдардың жүрек ауруына шалдығу қаупі едәуір төмен болады, ал ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін түнде жеті-сегіз сағат ұйықтау қажет деген қорытындыға келді.
Зерттеу барысында ғалымдар 37-ден 73 жасқа дейінгі 408 802 адамды бақылады, олардың 5 221-і жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан.
Науқастардың ұйқысы дұрыс болмай шықты: кейбіреулері ұйқысыздықтан зардап шексе, енді бірі түнде өз қорылынан оянып кететінін айтқан, араларында тым аз ұйықтайтындар да бар.