Кемшіліксіз адам болмайды

– Ата, сіз өмір бойы некеден қаштыңыз және себебін де айтпадыңыз. Енді көз жұмар алдын не үшін екенін айтыңызшы? – деп сұрапты.
– Мен негізінде некелесуге қарсы болмадым, тек бірде бір кемшілігі жоқ әйелді іздедім. Бүкіл өмірім іздеумен өтіп кетті, – деді қарт.
– Сонда бүкіл Жер шарынан ондай әйелді таппадыңыз ба?
Қарттың көзінен жас үзіліп түсіп:
– Ақыры біреуін таптым,- деді.
– Онда неге үйленбедіңіз? – деп таңдана сұрады ауылдасы.
– Ол да кемшіліксіз адамды іздепті… – деп жауап берді ақсақал.
Кемшіліксіз адамды іздемеңіз, сізді сүйетін жанмен бақытты болыңыз.
elana.kz