Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әйелдің жаратылысы

Әйелдің жаратылысы

Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан періште:– Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? – деп сұрайды. Алла:– Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол 200 ден астам қимыл әрекетін білуі керек, кез келген тағамның дәмі мен исін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады.
Періште таңқалды:
– Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің.
– Жоқ – деді Аллах – Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз өзін емдеп жазып, 18 сағаттан жұмыс жасай алатын болады.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді.
– Бірақ, Аллах, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқансың?
– Иә, ол өте нәзік, – деді Аллах, – … сонымен бірге ол өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың!
– Ал ол ойлана алады ма?- деп сұрады періште.
– Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады. Періште әйелдің бетін сыйпады.
– Бұл жаратылыс терлеп тұрғой! Шамасы сен оған көп ауыртпалық берудесің.
– Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасығой, – деп дұрыстады Аллах періште сөзін.
– Бұл сонда не үшін? – деп сұрады періште.
– Ол қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді – Періште қатты әсерленді – АЛЛАХ сен шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың… ӘЙЕЛ шынында да керемет жаратылыс екен!!!
– Иа, шынында да бұл солай! Әйелде еркекті бағындыра алатындай күш бар. Ол өмір тауқыметімен күресе, қасіретін көтере алады. Ол бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді. Ол айқайлағысы келсе күледі, жылғысы келсе ән айтады. Бақытты кезінде жылайды, қорыққан кезінде күледі. Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады. Жақындары үшін жанын береді. Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сендіреді. Махаббаты шексіз. Балаларының бақытына қуаныштан жылайды. Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да өмір сүру үшін өз бойынан қуат таба алады. (Ф.б-дан)

elana.kz
06 сәуір 2018 ж. 1 144 0