Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Финляндияда тек әйелдерге арналған арал табылды .

Финляндияда тек әйелдерге арналған арал табылды .

SuperShe деп аталатын арал Кристина Рот есімді әйелдің бастамасымен тек нәзік жандыларға арналған демалыс орны ретінде ашылып отыр. Оның бар мақсаты – жүйке жүйесін ерлер тарапынан жасалатын қысымнан құтқарып, әйелге энергия жинауға көмектесу. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл аралда дәл қазір 5 әйел жиналды. Менің философиямның мақсаты – егер сіз өз айналаңызға ақылды, көрікті, сәттілікке қол жеткізген адамдарды жинасаңыз, өзіңіз де соның біріне айналасыз. Дәл осылай әйелдер аралға келіп, бойына рухани күш-қуат жинап демала алады», — дейді Кристина Рот.
Аралда 4 әдемі каюта орналасқан, оған бар-жоғы 10 адам ғана сияды. Кәсіпкер болып, мол қаражатқа қол жеткізе білген жоба авторы осыған дейін ерлерден қысым көргенін және ақша табу үшін күнделікті жұмыс істеп, өзінің әйел екенін ұмытып кете жаздағанын айтты.
SuperShe аралы — фин архипелагының бар сұлулығын бойына жинаған, табиғаты бай, көрікті мекен. Ал оған екінің бірі келе алмайды. Электронды сайт арқылы өтініш берген әйелдер аттестациядан өтуі тиіс. Таңдаулы нәзік жандылар ғана бұл мекенге келіп, демала алады екен. Бастысы, бұл феминистік орта емес және әйелдерді категорияға бөлмейді, тек оптимист, үздіктерді жинауға талпынады.

09 наурыз 2018 ж. 1 171 0