Сәби туа сала сөйлеген

Сол ауылда өмір сүрген пасық ниетті екі кісі бәс тігеді. Тіккен бәстері бір әйелді жіберіп, Жүрейжді азғырып, зинаға тарту еді.
Журейждің өзінің оңаша құлшылық жасайтын ғибадатханасы болатын. Әйел оның ғибадатханасына келіп, оны зинақорлыққа азғырады. Ол құлшылығын жасап, бас тартады. Кайтып келе жатып, даладағы бір қойшыны азғырып, одан бала көтереді.
Айы-күні жетіп, бұл өмірге бала келеді. Әлгі әйел жаһанға жария қылып, «Пәлен уақытта мен Журейжді азғырып, міне содан туып алдым», – дейді.
Бүкіл ел ашуға мініп, Журейждің ғибадатханасына келіп, оны қиратып, балағаттап кетеді.
Журейж болса, Құдайға шүкіршілгін айтып: «Сіздер маған сенбей келіп отырсыздар ма? Онда сәбиден сұрап көріңіздер дейді. Сонда балаға келіп: «Айналайын, сенің әкең кім?» – дегенде, бесіктегі сәби: «Менің әкем қойшы», – деп жауап береді.
Жиналған жұрт Журейжден кешірім сұрап,: «Алтыннан ғибадатхана салып берейік», – дейді. Журейж: «Саз балшықтан-ақ соғып беріңдер», – дейді.