Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қолға үйренген арыстан!

Қолға үйренген арыстан!

Ертеде бір әйел күйеуін қатты жақсы көретін болыпты. Бірде ол күйеуін қызғанғаннан ауылының ғұламасына барып: "Маған күйеуім тек мені жақсы көру үшін дәрі жасап беріңіз", - деп өтініш жасайды. Ол мүмкін емес екенін білсе де ғұлама оған: "Дәрі жасап берейін, тек оған тірі еркек арыстанның мойнындағы жүнінен кесіп алып кел"- депті. Содан әлгі әйел жүнді әкелуге бел буып, аңшыларға барады. Олардан:"Арыстанға қалай жақындауға болады?"- деп сұрайды. Алғашында бұл сөзге күлген аңшылар әйелдің алған бетінен қайтпайтынын көріп: "Оның бір ғана жолы бар, оған ет беру керек" -депті. Әлгі әйел күнде орманға ет тасып, алыстан бір еркек арыстанның жеп жүргенін байқап жүреді. Уақыт өте әйел етті арыстанның көзіне көрініп, кейін жақындап бере бастайды. Арада бір ай өткенде арыстанға етті өз қолымен бере алатын деңгейге жетеді. Үйренген арыстанның мойнындағы жүнін қайшымен оп-оңай кесіп алып, зуылдап отырып ғұламаға барады. Әйелдің әңгімесін естіген ғұлама: "Ондай дәрі жасау мүмкін емес, бірақ арыстанның тілін тапқан әйел күйеуінің тілін міндетті түрде таба алады. Арыстанға не істесең күйеуіңе де солай ет, ол аң емес тістеп алмайды. Сүйген тамағын бер, қабағын бағып, көзіне қуаныш сила. Сонда сенен басқа ешкімді жақсы көрмейтін болады", - деген екен.Түйін: Жылы, жылы сөйлесең...! Жылы шырай, көңілді қабақ, күлімдеген жанар, ақылды сөз ғана ыстық құшаққа жол ашады, мияу, болымсыз əңгіме, салқын əрі көңілсіз орта есті жанды жаныңнан қашырады.
Əлеуметтік желіден жүктелді.
25 ақпан 2019 ж. 1 829 0