Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды

20 қарашада «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жас қазақстандықтарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі және әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты түрлі салалардағы 10 номинациядан тұрады.
Биыл «Дарын» сыйлығын алуға 160-тан астам үміткердің құжаттары келіп түсті, өтінімдер 29 сәуір мен 10 тамыз аралығында қабылданды, деп хабарлады ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері және өз саласының кәсіпқойлары енді. 1992 жылдан бастап 264-тен астам талантты жас сыйлықтың лауреаттары атанды.
Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин, Элизабет Тұрсынбаева, Әділхан Макин және т.б. азаматтар сыйлықтың иесі атанды.
Жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және 600 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланып отыр.
2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы номинацияларының иегерлері:
Ғылым: Мұқатаев Жүсіпбек Әшімова Әсем
Эстрада: Болсанбек Дәрия Кенішқалиев Бексұлтан
Классикалық музыка: Дүйсембаев Қалқаман Мүсірғалиева Жібек
Халық шығармашылығы: Мұқият Асқар Түрікпен Күнсұлу
Әдебиет: Шеризатов Арман
Театр және кино: Серіков Әбілмансұр Валиуллиев Жасқайрат
Спорт: Галышева Юлия Кенжеғалиев Жігер 
Дизайн және бейнелеу өнері: Әбішев Ардақ Тоқтасынова Ақбота
Журналистика: Мыңбаев Рауан Сартбаева Әсем
Қоғамдық қызмет: Споткай Максим Болысов Тоқтар
24.kz/kz

25 қараша 2020 ж. 533 0