Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандықты таңдау – болашақты таңдау

Мамандықты таңдау – болашақты таңдау

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев  білім алу үшін  барлық жағдайға жол ашты. Міне, сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану – біздің басты парызымыз.
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиын­тығы. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келе­тін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Мамандықтың  бәрі  жақсы. Мамандық  таңдау – өте жауапкершілікті қажет ететін маңызды іс. Адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейім­ділігіне, жүрегінің қалауына сүйену керек. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тіке­лей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауап­кершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.  Қазіргі таңда мамандықтың түрі өте көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады.
Белгілі бір мамандық иесі болу – әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің эконо­микасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек. Әлемде өзі қаламайтын маман­дық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.
Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау маңызды.
А.Мұратбекқызы,
«Тұран» университетінің 4-курс студенті
29 қараша 2020 ж. 5 148 0