Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырды газдандыру – коммуналдық шығынды азайтты

Байқоңырды газдандыру – коммуналдық шығынды азайтты

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласына барды, деп хабарлады ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

2019 жылғы 3 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды, ол Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 305-VI ЗРК Заңымен ратификацияланды.
Келісім тұтынушыларды сұйытылған газдан табиғи газға көшуді қарастырады және келесі артықшылықтарды ұсынады:
- Байқоңыр қаласының тұтынушылары, оның шамамен 60%-ы Қазақстан азаматтары, қолжетімді және экологиялық таза отынмен - табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі, бұл сұйытылған мұнай газына қарағанда әлдеқайда арзан.
2020 жылдан бастап Қазалы қаласы мен Шиелі ауданы Бекежанов кентін газдандыру жобаларын жүзеге асыру басталғанын, бұл өз кезегінде аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға ықпал ететінін атап өткен жөн.
Нұрлан Ноғаев және Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы «Байқоңырэнерго» өндірістік-энергетикалық қауымдастығы кәсіпорнының» жұмысымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша Министр жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
baq.kz
02 желтоқсан 2020 ж. 475 0