Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрдің жұмыс сапары Төретам кенті мен Байқоңыр қаласында жалғасты

Министрдің жұмыс сапары Төретам кенті мен Байқоңыр қаласында жалғасты

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Төретам кентіне барып, «Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңарту» және «Төретам кентінің 35/10 кВ № 22 қосалқы станциясын кеңейту және қайта жаңарту» жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Аталған жобалар ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аяқталуда. Электрстанцияларға жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік бағдарлалар аясында қаржы қарастырылған. Атап айтқанда, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңартуға 925,9 млн. теңге қаралса, Төретам кентінің 35/10 кВ № 22 қосалқы станциясын кеңейту және қайта жаңартуға 1,249 млн тенге бөлінді.
Бірінші жоба бойынша 96 км-ден астам электр желілерін жаңғырту және Төретам ауылдық округі мен Ақай ауылдық округінде қуаты әртүрлі жиынтық-трансформаторлық қосалқы станциялардың 33 бірлігін орнату жұмыстары жүргізілуде. Екінші жобаны жүзеге асыру барысында электр-газды ажыратқыштарды қайта жаңарту, трансформатор мен вакуумдық ажыратқыштары және микропроцессорлық қорғанысы бар РУ-6 кВ орнына екі секциялы шиналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жедел-кезекші персонал үшін тұрмыстық кірпіштен салынған ғимарат орнатып, қосалқы станция аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Осы жобаларды іске асыру энергия тұтыну режимдерін оңтайландыруға, қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және жаңа технологияларды енгізу есебінен электр энергиясының ысырабын азайтуға ықпал ететін болады, сондай-ақ 18 304 тұтынушыны сапалы электрмен үздіксіз қамтамасыз етіледі.
Айту кету керек, 2021 жылдан бастап Қазалы қаласын, Қармақшы ауданының Төретам және Ақай елді мекендерін, Арал ауданының Сексеуіл кентін, Қызылорда қаласындағы Наурыз және Махамбет елді мекендерін газбен жабдықтау жобаларын іске асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізетін болады.
Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Байқоңыр қаласындағы «Байқоңырэнерго «өндірістік-энергетикалық бірлестігі» мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының қызметімен, сондай-ақ ЖЭС-ті табиғи газға көшіру жөніндегі жұмыс барысымен танысты. Жылу электро станциясы Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Негізгі қызметі Байқоңыр қаласының және «Байқоңыр» кешенінің объектілеріне жылу және электр энергиясын жеткізу. Белгіленген электр қуаты – 48 МВт. Станцияда қолданылатын отын мазут түрінен газға аусытырған жағдайда тариф тұрғындарға төменгі бағамен ұсынылады деп жоспарлануда. Нұрлан Ноғаев көтерілген ұсыныстарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің Сыр еліндегі жұмыс сапары мұнай өндіру кен орындарында жалғасады.
kyzylorda-news.kz
28 қараша 2020 ж. 654 0