ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында Қармақшы ауданында электр желілері мен қосалқы станцияларды қайта жаңартудың 3 жобасы аяқталып іске қосылуда. Оның ішінде бір жоба «Жосалы» 220/35/10 кВ электр станциясының электр желілерін жаңғырту бойынша жүзеге асуда.
Жосалы кентіндегі электростанциясының жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Жоба құны 1,701 млн теңгені құрайды. Жүзеге асыру барысында қуаты 25 МВА 220/35/10 кВ пен 6,3 МВА 35/10 кВ трансформаторлары орнатылып, 220 кВ және 35 кВ тарату құрылғысы салынды. Сонымен қатар, сыртқы қондырғыларға арналған ашық тарату құрылғысы салынуда.
kyzylorda-news.kz