Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетика саласына 46,8 млн теңге қаржы қаралды

Энергетика саласына 46,8 млн теңге қаржы қаралды

Энергетика саласына биылғы жылы 46,8 млн теңге қаржы қаралды. Оның ішінде, Сексеуіл кенті мен Бекбауыл елді мекенінен жаңадан тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру мақсатында электр желісін кеңейту және жүргізу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерінің және Аралқұм, Бекбауыл, Бөген, Ақирек, Жаңақұрылыс, Қаратерең, Мергенсай ауылдық округтерінің көшелеріне 9,7 млн. теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қамбаш елді мекеніне трансформатор орнатылды.

Бұдан бөлек, Октябрь ауылдық округі Қызылорда облысында тіректі елді мекендер арасында өткізілген «Үлгілі ауыл» облыстық байқауында ІІ орынға ие болып 7,5 млн. теңге сыйақы алды. Аталған сыйақыға ауылдың кіре беріс жолы мен екі көше жарықтандырылды.
06 ақпан 2020 ж. 749 0