Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРАҚҰМДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУГЕ ҚР-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ ҚАТЫСТЫ

ҚАРАҚҰМДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУГЕ ҚР-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ ҚАТЫСТЫ

Тұрғындар алдында жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған кезекті есеп беру кездесуі Қарақұм ауылдық округінде өтті.Есепті кездесуге ҚР-ның Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Тілешов Нұрлан Шаймерденұлы және сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ауылдық округтің негізгі айналысатын шаруашылығы төрт түлік мал өсіру.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының»«Бизнес Кеңесші»оқыту курсы бойынша 3 адам оқыды. Аталған азаматтардың екеуі тың жобаларға берілетін қайтарымсыз грант алу конкурсына қатысып, нәтижесінде ауыл тұрғыны Жалғасбаева Алтын - 340 мың теңге «тігін цехын» ашу жобасы бойынша қайтарымсыз грантқа ие болды.
Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Жамалова Ғазиза - 450 мың теңгеге шаштараз ашу жобасы бойынша қайтарымсыз грант иегері атанып, шаштараздық кәсібін жалғастыруда.
2018 жылы «Бастау Бизнес» оқыту курсы бойынша 11азамат оқытылды.
Аталған азаматтардың ішінде Дарменов Қайырхан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 1,5 млн теңге несие алса, азаматша Дарменова Құралай 2 млн теңге несие алды.
Сонымен қатар, Есембаева Нұргүл «мал өсіру» жобасымен «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» арқылы 3 млн теңге несие алса, Аяпов Алмас «жылқы және түйе мал басын көбейту» жобасымен 5 млн теңге несие алды.
Бұдан бөлек,«Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Құттыбаев Ақылбай» шаруа қожалығы «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 11 млн теңге несие алып кәсібін жалғастырса, «Іскер» бағдарламасы бойынша «Несібе» шаруа қожалығы «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 7,3 млн теңге несие алды.
Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлері Д.Ембергенов пен А.Құттыбаев дәмхана және кафе ашып, әрқайсысы бір-бір адамнан жұмыспен қамтыса, жеке кәсіпкер Т. Назаров 150 адамға арналған кафесімен бірге тойхана құрылысын жүргізуде.
2018 жылы 1 адам денсаулық сақтау саласына, 4 адам білім саласына, 1 адам балабақшаға тұрақты және маусымдық жұмыстарға қабылданды.
2018 жылы Республикалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, «Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» бағытындағы тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Тоқабай-Абай» елді мекендерінің ауыз су жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға № 59 орта мектеп жанындағы интернат ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, талапқа сай жаңартылды. 
Абай ауылының амбулаториялық емханасына жаңа жедел-жәрдем көлігі алынды.
Абай елді мекенінен10 шақырым қашықтықта орналасқан Көкаша елді мекенінен «елді мекен» статусы алынып, Абай ауылының құрамына енді. Абай, Ерімбетжаға елді мекендерінің шекараларын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, шекара қадалары қағылды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар талқыланып, атқарушы билік өкілдері тарапынан сұрақтарға жауап берілді.
23 қаңтар 2019 ж. 1 181 0