Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада әжетханадан табылған нәрестенің мәйітіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада әжетханадан табылған нәрестенің мәйітіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйдің бірінің әжетханасынан нәрестенің мәйіті табылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 – бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары басталды. Күдікті анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары тексерілуде. Тиісті сот–медициналық сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда ОПД Тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров мәлімдеді.
«Бізге хабарлама ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсан күні сағат 23:21 минут кеткенде полиция департаменті кезекшісінен түсті. Департаменттің жедел-құтқару жасағы бөлімінен 6 қызметкер мен 1 техника апардық. Барған кезде анықталғаны тұрғын үйдің ауласындағы әжетханада кішкене нәресте жатқандығы белгілі болды. Құтқарушылар нәрестені шығарып алып, тергеу тобының қызметкерлеріне табыстады. Нәресте өлі табылды. Оны босанған адам ауруханада. Жағдайы орташа», – деді облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.
kyzylorda-news.kz​​​
02 желтоқсан 2020 ж. 417 0