Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

«Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды», – делінген жазбада.
Биыл 10 қыркүйекте Ильин қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.
Айта кетейік, зілтеміршінің негізгі қызметі – Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.
kyzylorda-news.kz