7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».8 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстанның Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 8 желтоқсан сағат 21.00 дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
8 желтоқсан да Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, аймақта және Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады.
Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
8 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады.
8-10 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында тұман түседі.
Шымкент қаласында да 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман болады.
8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Петропавл қаласында боран соғады.
Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны – 15-20 м/с.
kyzylorda-news.kz
		





		
		



