Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 1 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Түркістан қаласында күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с боладыі.
Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Тараз қаласында 01-02 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 
Петропавл қаласында 1-2 желтоқсанда тұман түседі.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
baq.kz
02 желтоқсан 2020 ж. 260 0