Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Ертең Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал.
9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
9 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады, минус 22°С дейін жетеді.
9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
9-10 желтоқсанда Таразда тұман түседі.
kyzylorda-news.kz
09 желтоқсан 2020 ж. 280 0