Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Қызылордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Пандемия кезеңінде облыста 5 милиионнан астам қаптама көлемінде ыстықты түсіретін, антибиотик, вирусқа қарсы, иммуностимулятор, медициналық бұйым, инъекциялық және гормондық препараттар сатып алынды. 56 миллиардтан астам теңгеге тағы дәрі-дәрмек алынды. Қазір облысқа әкеле жатыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.
Департамент өңірлердегі көтерме дистрибьюторлар мен дәріханаларда неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Ағымдағы жылдың 15 шілде мен 9 желтоқсан аралығында көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларда дәрілік заттар қоры өскен. Атап айтқанда, антибиотиктер – 2,2, вирусқа қарсы препараттар – 2,3, антикоагулянттар – 2,4, ыстықты түсіретін препараттар 3,7, медициналық маскалар 1,5 есеге артты.

«Мониторингпен 159 астам дәріхана қамтылып, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 72 атауы анықталды. Көрсетілген кезеңде 5,2 млн. теңге айыппұл салынды. Шекті бағадан асып кетудің 33 фактісі, дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 91 хаттама толтырылып, 7,9 млн. теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 448 атаудағы дәрілік зат пен 36 атаудағы медициналық бұйым алынды», – деді тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов.

Өңірде 10 фармацевтикалық ұйым несие алды. Яғни оның 5-уі ауданда және 5-уі қалада. Сонымен қатар, 13 фармацевтикалық ұйым құжаттарын жинақтауда.
kyzylorda-news.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 456 0