Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды: Қазақстанда декреттік төлем қалай тағайындалады

Орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды: Қазақстанда декреттік төлем қалай тағайындалады

Қазақстанда декреттік жәрдемақының орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұмыс берушілер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыс істейтін әйелдер жүктілігі мен босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған кезде әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасай алады.
«Төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Қордан жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады», – дейді еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Заңға сәйкес, жүктілік және босану бойынша уақытша еңбеккежарамсыздық парағы, әдетте, жүктіліктің 30 аптасынан бастап босанғанғадейін 70 күнтізбелік күнге және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге беріледі.
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерiн анықтаған кезде жұмыс істейтін әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысы еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтіледі.
«Бұл ретте, МЗЖ-ның 10%-ын ұстамай, ең төменгі жалақыдан (42500 теңге) есептеу кезінде ЖБӘТ-нің ең төменгі мөлшері 160 мың теңгені құрайды. МЗЖ-ның 10%-ын ұстамай, еңбекке уақытша жарамсыздықтың ең жоғары күндерін және әлеуметтік аударымдарды ұсынуды ескере отырып, ЖБӘТ-нің ең жоғары мөлшері 1,2 млн теңгені құрайды. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды», – дейді еңбек министрлігі.
Еске салсақ, бухгалтер декреттік төлемақыға миллион алу үшін не істеу керек екенін айтқан болатын.
kyzylorda-news.kz
12 желтоқсан 2020 ж. 485 0