Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» стратегиялық құжатында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін әдеп мәселелері жөніндегі қызметті енгізу қарастырылған. Негізінен, құжатты іске асыру бағыты мемлекеттің, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.Осы мақсаттарды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізіліп, арнайы Ережесі бекітілді.Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайтудың мақсаты, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қызметшілердің мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұ­­зылуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзы­ре­­ті шегінде мемлекеттік қыз­мет­­­шілердің құқықтары мен заң­­­ды мүдделері бұзылған жағ­дай­­ларда, оларды қорғауға және қал­­пына келтіруге бағытталған ша­раларды қабылдайды, мем­ле­­кет­тік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларын сақтауын мони­то­­рингтеуді және бақылауды жүзеге асы­рады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қыз­­мет, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл заңнамасының және қызметтік әдеп нормалары та­лап­тарын бұзудың алдын алуды қам­­тамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.
Сонымен қатар мемлекеттік орган­ның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға белсенділік танытқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным біл­діреді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайту, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қыз­метте өза­­­ра қатынастар мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұ­­зуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.
Қазіргі кезде 80 мыңға жуық тұрғыны бар Арал ауданында барлығы 327 мемлекеттік қызметші бар болса, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда 196 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерін атқаруда. Олардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуына ықпал ету жұмыстары әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.
2020 жылы Арал ауданы бойынша 14 тұлғаға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың қазан айында Сексеуіл кенті әкімі аппаратының бас маманының іс-әрекетіне қатысты бір азаматшадан шағым түсті. Тиісінше, шағымданушы мен барлық жауапты тұлғаларды қатыстырыла отырып, қабылдау өткізіліп, талқыланды. Нәтижесінде Сексеуіл кентінің әкіміне ұсыныс жолданып, орын алған мәселе заң аясында өз шешімін тапты.
Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша ауданда семинар, кеңестер тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысымен 8 мемлекеттік қызметші облыс әкімінің, 7 қызметкер аудан әкімінің Алғысымен және Конститутциямыздың 25 жылдық мерекесіне орай 3 мемлекеттік қызметші төсбелгімен марапатталды.
Арал ауданы бойынша қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымның моральдық-психологиялық ахуалының жай-күйін мониторингілеу мақсатында және артық жұмыс жасау фактілерінің алдын алу мақсатындамемлекеттік қызметшілерді қатыстырыла отырып, анонимдік сауалнамалар алынып, нәтижесімен жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларына қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолдау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
Ауданда осы бағытта қызмет атқа­­ратын, яғни маған – Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі жүктелген. Арал қаласы, Астана көшесі, 33 мекенжайында орналасқан аудан әкімдігі ғимаратының 206 кабинетінде азаматтарды қабылдаймын және 8 (72433) 2-20-00 телефоны бойынша да кеңес беремін.
Сонымен қатар қызметкерлер мен азаматтар Әдеп жөніндегі уәкілге келіп, кеңес ала алады, проблемалық жағдайларды реттеп, әріптестерімен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.
Н. Бохаев,
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы –
Әдеп жөніндегі уәкіл
12 желтоқсан 2020 ж. 748 0