Жер мәселесі назарға алынды

Еркін форматта өткен кездесуде Н.Бохаев мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталып енгізілген әдеп жөніндегі уәкілдер институтының мақсаты мен арнайы бекітілген ережесіне тоқталды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуы бағытында азаматтарды қабылдайтынын және кеңес беру телефоны жұмыс істейтінін айтып өтті.
Өткен жылы жер саласында бірқатар құқық бұзушылықтар мен тұрғындар тарапынан наразылықтар мен ұсыныстардың түсуі жиі орын алған. Алдағы уақытта аталған кемшіліктерді болдырмау және тиісті шаралар қабылдау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу тәртібі мен электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын түсіндірді.
Жиынға қатысушылар да жер мәселесіне байланысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалына тұшымды жауап алды.