Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады

Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады

Егер QR-код арқылы алаяқтар ақша алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.
Биыл көптеген мемлекет тұрғындары тауар мен қызмет үшін төлем жасауға QR-кодты белсенді қолдана бастады. Бұл төлем тәсілі танымал болған сайын алаяқтық жағдайлары да арта түсті.
"Позиция Права" заңгерлік компаниясының басқарушы серіктесі Егор Рединнің айтуынша, QR-код – құрылғыға мәтіндік ақпарат жеткізу тәсілі.
"Алаяқтар ақпарат стендтерінде, парақшаларында QR-код қояды. Сондай-ақ, кейбір ұйымдар көрсеткен кодты өзгертіп, ақшаны өз есепшоттарына ауыстырып алады", - деді заңгер РИА Новостиге.
Ол қылмыскерлер осы екі схеманың біреуін таңдауы мүмкін екенін айтады. Біріншісінде, адамды әдейі жаңылыстырады. Ал екінші жағдайда тұрғындар білмей, телефонға вирустық бағдарламаларды жүктейді.
Сондай-ақ, тауар мен қызмет ұсынған компанияның QR-код реквизиттері орнына алаяқтар өздерінің мәліметін тіркейді. Сондықтан антивирус арқылы тексерілетін QR-код сервистерін қолдану керек. Олар кодтың фишингтік, зиянды парақшалар базасында бар-жоғын анықтайды.
Егер QR-код арқылы алаяқтар ақшаңызды алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.
sputnik.kz
14 желтоқсан 2020 ж. 445 0