Байқоңырда инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асып келеді

Қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға, Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының тұрғын үйлерін жекешелендіру, инфрақұрылымын қайта жаңартуға, жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда.
kyzylorda-news.kz«Аталған жобалар бойынша су бұру жүйелері қайта жаңартылды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, Байқоңырда жұмыс істейтін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың санын көбейтудеміз. Сонымен қатар, қаланың ойын-сауық және туристік әлеуетін арттыру үшін «Россия» қонақ үйінің ғимаратын жалдан шығару мәселесі шешілуде. Мұнан өзге, әлемдік стандарттағы қонақ үй кешенін ашу үшін қазақстандық инвесторлар тартудамыз. Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді Жасұлан Уалиұлы.