Облыстардың бірі коронавирустың «қызыл» аймағына кірді

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан» сары» аймаққа ауысты. 16 желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта пандемия басталғалы 8 645 адам инфекция жұқтырды, 154 адам қайтыс болды.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсанда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр.
«Сары» аймақта Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта орналасқан.
kyzylorda-news.kz