Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су адам миына қалай әсер етеді?

Су адам миына қалай әсер етеді?

Су – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Денедегі сұйықтықтың мөлшерін сақтау үшін адам күніне 2 литр су ішу керек. Бұлар – су туралы біз білетін қағидалардың бірі ғана. Ал әлем зерттеушілері суды тағы бір қырынан таныды. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеген екен. Ендеше, тәжірибе қорытындыларына назар аударайық.
Су тез шешім қабылдауға көмектеседі

Ұлыбританиялық зерттеушілер судың тың қасиетін анықтау үшін зерттеу сынағын өткізген. Тәжірибе 30-35 жас аралығындағы адамдар арасында өткен. 10 000 адамды тең екі топқа бөліп, интеллектуалдық тест тапсырмаларын орындауды ұсынған. Бір топ таңғы асқа құрғақтай тамақтанған да, екінші топ тек су ішкен екен. Екінші топ бірінші топқа қарағанда сұрақтарға дұрыс және тез жауап берген екен. Зерттеу қорытындысы судың ойлау жылдамдығын арттырып, тез шешім қабылдауға көмектесетінін дәлелдеген. Сондай-ақ, судың адамның рефлекстік қабілетін арттыратынын да байқаған.

Су мидың қызметін арттырады
Шығыс Лондон Университетінің қызметкерлері осындай шешімге келген. Кезекті емтиханға бір топ студент бір шыны су ішіп кірген. Олар бұл жолы алдыңғы емтихандарына қарағанда 10% дұрыс орындаған екен.

Су қуат береді
Судың адамға берер тағы бір пайдасын Шығыс Лондон Университетінің доценті Крис Паусон дәлелдеген. Судың адам ағзасына қуат беретін ерекше күші бар екен. «Денеміздегі судың қалыпты мөлшерін үнемі бұзып аламыз. Ағзадағы сұйықтықтың аздығы адам өміріне кері әсер етеді. Ми денеге ағзаның «құрғағаны» туралы хабар таратса, дене әлсіреп, талықсу пайда болады», - дейді зерттуші. Шаршап-шалдыққанда немесе бас айналудың, әлсіздіктің алдын алу үшін бір шыны су ішкен дұрыс. 
massaget.kz
17 желтоқсан 2020 ж. 840 0