Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев
Қазақстан президенті қазіргі дағдарыс жағдайында ТМД-дағы әріптестерін өзара сауда мәселелерін жылдамдатып шешуге шақырдыНҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында өзара сауданы либерализациялау және осыған кедергі болып отырған мәселелерді шешу бойынша жұмысты жеделдетуді ұсынды.
Тоқаев өз сөзінде қазіргі дағдарыстың анағұрлым ұзаққа созылатынын және қиынға соғатынын атап өтті.
"Осы жағдайда біздің басты міндетміз – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың табысын сақтап, оларды жұмыспен қамту. Бірақ бұған сауда-экономикалық қарым-қатынастың бүкіл кешенін қайта іске қоспай мүмкін емес. Өзара сауданы либерализациялау, кедергілер мен шектеулерді жою бойынша жұмысты жеделдету қажет", – деді Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.
Оның айтуынша, жуық арада инвестиция тартуға, көлік-транзиттік әлеуетті тиімді пайдалануға, өнеркәсіптік кооперация мен өңірлердің горизонталды байланысын дамытуға күш-жігер мен қаражат жұмсау қажет.
"Бүгін біз ТМД-ны әрі қарай дамыту бойынша жаңартылған тұжырымдаманы қабылдаймыз. Бұл құжат біздің ынтымақтастығымыздың алдағы уақыттағы стратегиялық бағыттарын айқындайды", – деді Президент.
sputnik.kz