Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 құжат қабылданды: Тоқаев ЕАЭО отырысында не туралы сөйледі?

20 құжат қабылданды: Тоқаев ЕАЭО отырысында не туралы сөйледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулерден кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты деп хабарлайды Ақорда.
Кеңестің кеңейтілген отырысына Белорусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.
Сонымен қатар, шараға Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының президенті Игорь Додон, құрметті қонақтар – Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани және Сингапур Республикасының премьер-министрі Ли Сянь Лун қатысы
п отырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде армян тарапына жылы қабылдауына және отырысқа жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік сауда-саттықты дамытудың аса маңызды бөлігіне айналғанына сенімді екенін айтты.
Қазақстан президенті нарықтың жылдам өзгеріп жатқан конъюктурасы, державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы, сауда соғысы, протекционизмнің өсуі әлем экономикасының тұрақсыздығына соқтыруы мүмкін деп атап өтті.
"Ғаламдық күрделі жағдайда мемлекеттеріміздің экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұған шынайы әрі өзара ынтымақтастық, интеграция мен кооперацияның арқасында ғана қол жеткізуге болады. Біздің елдеріміз ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою жұмыстарын жалғастыра беруі керек",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сауда жасаудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.
https://kaz.nur.kz/1819891-20-kzat-kabyldandy-tokaev-eaeo-otyrysynda-ne-turaly-sjledi.html

02 қазан 2019 ж. 1 193 0